Бүгін ШҚТУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә.С. Дауылбаева Түркістан облысы Білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Э.С. Байдарбекованың ұйымдастыруымен өткен "Өскенде кім боласың?" атты онлайн кездесуге қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты - орта мектептердің кәсіби бағдар берушілеріне оқушылардың кәсіби бағдарын дұрыс бағыттауға көмектесу, олардың болашақ мамандық таңдаудағы маңызды шешімдеріне әсер ету болды.

Кездесуде ШҚТУ-дың шетелдік серіктесі Лу Бань шеберханасы, металлургия және пайдалы қазбалар өндіру саласындағы Қазақ-Неміс ғылым және технологиялар институты туралы ақпарат беріліп, жаңадан ашылған білім беру бағдарламалары мен мамандық таңдау процесі бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіби бағдар берушілер университеттің бағдарламалары мен оқу шарттарын, студенттік өмірді және мамандықтарға сұраныс туралы сұрақтарға жауап алды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен 10-11 ақпан күндері Түркістан қаласында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары бар жоғары білім көрмесі өтетіні жайлы және ол көрмеде ШҚТУ Лу Бань шеберханасымен және оған қатысты білім беру бағдарламалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілетіні де хабарлап айтты.

Аталмыш онлайн кездесуге қатысушылар өздерінің кездесуден ШҚТУ жайлы көп мәлімет алып, болашақта өз жолдарын таңдауда оқушыларға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл іс-шара оқушыларға мамандық таңдау барысында сенімділік пен дұрыс бағыт алуына ықпал еткені сөзсіз.