2026 жылғы 12 наурызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Иллинойс университетінің (АҚШ, Урбана–Шампейн) химиялық және биомолекулалық инженерия кафедрасының доценті, химия кафедрасының аффилиирленген профессоры Александр В. Мироненконың қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Семинарға университеттің оқытушылық құрамы, докторанттары және ғылыми қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында профессор Александр Мироненко өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, химиялық және биомолекулалық инженерия саласындағы заманауи ғылыми бағыттар туралы баяндады. Семинар қатысушылары өзекті ғылыми мәселелерді талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу барысында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Урбана–Шампейн қаласындағы Иллинойс университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай ғылыми іс-шаралар академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға маңызды ықпал ететінін атап өтті.