Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ) өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Бұл іс-шара сот пен жоғары оқу орны арасындағы экономикалық мәселелерді шешуге арналған маңызды алаң болып табылады. Сонымен қатар сотқа келген дауларды медиация тәртібімен реттеуді дамытуға, оқу-тәрбиелік іс-шараларды, практиканы өткізуге, кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған меморандум.
Отырыс барысында заңды тұлға не болмаса жеке тұлға мен үшінші тараптардың арасындағы экономикалық даулардан туындаған қаржылық жауапкершілік пен шығындар қарастырылды. Мұндай талқылаулар тараптар арасындағы міндеттемелерді нақтылауға және ықтимал шығындардың алдын алуға бағытталған.
ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты дауларды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығына назар аударды. Бұл тараптардың сотқа жүгінбей-ақ, өзара келіссөздер арқылы шешімге келуіне, қаржылай жағынан да уақытты үнемдеу жағынан да қарасақ әлдеқайда ұтымды шешім болары сөзсіз.
Бұл отырыс сот пен университет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болды. Тұрғамбаев Төлеген Тұрғамбайұлы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы экономикалық мәселелерді заң шеңберінде шешудің маңыздылығын атап өтіп, сот арқылы дауларды реттеудің оң тәжірибесімен бөлісті.
Бұл студенттер мен университеттің беделіне оң әсерін тигізіп, оқу орнының тұрақты дамуына септігін тигізетін қадам болып табылады.
Шараның соңында екі тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, маңызды құжатпен өзара алмасты