2025 жылғы 13 ақпанда Д. Серікбаев ШҚТУ-да. "Дармарка" экологиялық жәрмеңкесі өтеді. Бұл іс-шара Университетте бірінші рет өткізілмейді.

Дармарканы StopMusor әлеуметтік жобасы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы ұйымдастырады. Серіктестер -ШҚТУ-ны қоса алғанда, елдің 5 жетекші университеттері.

Бұл іс-шара университет студенттері мен қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар қаланың барлық тұрғындарына арналған. Кез келген адам қатысушы бола алады. Ол үшін жәрмеңкеге қажетсіз, бірақ таза және жақсы заттарды әкелу керек.

Оларды басқа заттарға ауыстыруға немесе қайырымдылыққа қалдыруға болады.

  • Дармарканы өткізу уақыты: сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
  • Өткізу мекенжайы: Өскемен қ., Серікбаев к-сі, 19, Д. Серікбаев ШҚТУ бас корпусы., холл.

Дармарка жақсы нәрселерге жаңа иелерді табады! Бұл қоғам мен қоршаған ортаның саналы тұтынуы мен тұрақты дамуына қарапайым қадам.

Дармаркаға кел! Пайдалыны сыйла, керегін ал!