Бүгін «Гуманитарлық білім беру факультетінің» аға кураторы М.О. Самадиеваның ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Іс-шарада құттықтау сөзімен т.ғ.к., «ҚТжСӘП» кафедрасының аға оқытушысы Қ.С. Қалиева және университет ардагерлер кеңесінің мүшесі Исюмбаева Сауле Захаровна сөз сөйледі. Қалиева Қанша Советхановна «Атамның 80 жылдан кейін оралуы: Ұлы Отан соғыс батырларын іздеу тәжірибесінен» атты баяндамасымен және «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-ұран (Псков облысына Атамыздың басына бару туралы)» бейнеролигімен бөлісті. Исюмбаева Сауле Захаровна ҰОС-на қатысқан ардагерлердің өмірлері туралы мәліметпен бөлісті. Сондай-ақ, шараға оқытушылар, кураторлар және студенттер қатысты.

Іс-шараға студенттер Болат Дана, Асанов Рустам, Тұқымбай Ақбота, Мәсіп Мағжан, Рамазан Роллан, Құмарбекова Камшат, Советханова Арна, Жалғабаева Айгерім, Кливенко Андрей, Кемелбек Жасаргүл, Пономарева Амина, Егимбаева Айдана, Машинская Ирина қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

9-мамыр Жеңіс күні құтты болсын! Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын!

ФОТО ...