Қыркүйектің 8-і Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында бірегей оқиға - ШҚО-дағы Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында жұмыс істейтін барлық ұжым жалпы жиыны өтті. 

Қатысушылар қатарында ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері - университетіміздің ардагері, философия ғылымдарының кандидаты Лилия Викторовна Столярова, «DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері - тарих ғылымдарының докторы А.Н.Алексеенко, т.ғ.к. Ж.С.Әубәкірова, т.ғ.к. Н.Л.Краснобаева, әлеу.ғ.д. Столярова Е.О болды.

Бұл айтулы шара 500-ден астам адам - этномәдени бірлестіктердің қатысушылары, олардың арасында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ұжымдарынан бастап ақсақалдар кеңесіне дейінгі әртүрлі буын өкілдерінің бастарын біріктірді. Мұндай жалпы жиын Шығыс Қазақстан Достық үйінің тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.

ХЗО «DSR»