Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің делегациясы екі күндік жұмыс сапарымен Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне жолықты. Аталған сапар аясында қонақтар университеттің басшылығымен, ШҚМТУ ғалымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Дөңгелек үстел барысында ресейлік әріптестер назарларына «Цифрлы университет» презентациясы және бірқатар ғылыми бағдарламалар ұсынылды. Атап айтқанда, танталдан МРТ-ға арналған асқын өткізгіш сымдарды өндіру, тантал негізінде импланттарды дайындау, атом өнеркәсібі үшін құрылымдық материалдарды әзірлеу, 3-D басылым жасауға арналған құрылыс материалдарын әзірлеу және т.б.

Тараптар қос дипломдық бағдарламаларды құрудың перспективаларын, халықаралық білім беру жобалары аясында шетелдік ғалымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сонымен қатар, ағылшын тілінде, сондай-ақ прототиптендіру, металл өңдеу және материалтану зертханаларының жабдықтарын бірлесе пайдалану мәселелерін қарастырды. Кездесу барысында университет ішінде экскурсия өткізілді. Қонақтар лабораторияларға, ғылыми-өндірістік алаңдарға және «Үлкен Алтай» мұражайына барды. Қорытындылай келе, НМТУ мен ШҚМТУ арасындағы серіктестік бағыттары Тізімі, сондай-ақ энергетика және жылу энергетикасы бойынша қос дипломдық оқыту жоспарларын үйлестіру туралы хаттамаға қол қойылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі