Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері UI GreenMetric халықаралық конференциясына қатысып, «Green Campus - Green University: ШҚТУ-дың жасыл стратегияға жолы» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға университет атынан келесі өкілдер қатысты:
- Ольга Петрова, т.ғ.к., Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Green Campus жобасының жетекшісі;
- Валентина Колпакова, т.ғ.д., ЖАК доценті, су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттілік пен технология трансфері орталығының жетекшісі;
- Айдана Ілиясова, техника ғылымдарының магистрі, тұрақты даму жөніндегі офицер.
Конференция барысында университеттердің қызметіне тұрақты даму қағидаларын енгізу, экологиялық таза кампустар құрудағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Жасыл университетті дамыту стратегиясы, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) білім беру процесі мен университет инфрақұрылымына интеграциялау тақырыптарына ерекше назар аударылды.
ШҚТУ Тұрақты даму мақсаттарын белсенді дамытып, экологиялық озық тәжірибелерді білім беру және ғылыми қызметке енгізуде. UI GreenMetric өкілдері біздің университетті Қазақстандағы ТДМ дамыту көшбасшысы ретінде атап, экологиялық жауапты білім беру кеңістігін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.