Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Бизнес мектебі «Шерингтік экономика және цифрлық трансформация: жаһандық турбуленттілік жағдайындағы тұрақты дамудың жаңа модельдері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы АР19676547 «Ортақ тұтыну экономикасы қағидаттарын Қазақстанның экономикалық жүйесіне енгізу арқылы ұлттық тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру» шеңберінде ұйымдастырылды.
Талқылауға Қазақстан, Ресей, Испания және Италияның ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Қатысушылар экономика мен менеджменттегі заманауи үрдістерді, ортақ тұтыну модельдерін, жасыл зияткерлік капиталды, айналмалы экономиканың практикаларын, цифрлық сауаттылықты, сондай-ақ тұрақты дамудың әлеуметтік және өңірлік факторларын талқылады.
Әсіресе цифрлық трансформацияның тұтынушылардың мінез-құлқына, қалалық орта дамуына, еңбек нарығына және өңірлердің инновациялық белсенділігіне әсері ерекше назарда болды. Теориялық тәсілдермен қатар, электрондық қалдықтарды экологиялық жауапты басқару саласындағы жобаларды қоса алғанда, халықаралық практикалық кейстер ұсынылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін цифрлық технологияларды, экологиялық бастамаларды және жаңа экономикалық модельдерді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
ШҚТУ Бизнес-мектебі спикерлер мен тыңдаушыларға алғыс білдіреді және цифрлық экономика мен тұрақтылық саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады.