«Интеллект формуласы» халықаралық мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік ойындарының аймақтық кезеңі өтті. Бұл чемпионат Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей Федерациясы елдерінің жас зияткерлерін біріктіреді.
Біздің Республикамыздағы ойындардың ұйымдастырушылары - Қазақстанның Ядролық қоғамының Жастар бөлімі. Көпжылдық дәстүрге сай, олар инженерлік және техникалық бағыттарды насихаттауға ең қолайлы орын ретінде Д. Серібаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін таңдады.
Осы күні акт залында Өскемен мен Риддер қалаларының мектеп-лицейлері мен гимназияларының оқушылары жиналды. Қатысушыларды келесі қазылар алқасының мүшелері қарсы алды:
Арғынбек Әмина - «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі, 2023 жылы ШҚТУ-ды тәмамдаған,Вера Правдина - Өскемен қаласындағы Ресей үйінің өкілі,Руслан Бабиров - Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өкілі,Ақаев Айбек Мұратбекұлы - Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінің деканы,Әлиев Сейт Әбеуханұлы - «Қазақстанның Ядролық қоғамы» қауымдастығының ақпараттық орталығының директоры.
Нәтижесінде, 15 қарашада Астанада өтетін Халықаралық және Қазақстандық финалдарға қатысуға Өскемен қаласынан №34 мектеп-лицейі мен Риддер қаласынан №1 мектеп-лицейінің командалары шақырылды.
Барлық қатысушылар Қазақстанның Ядролық қоғамы мен «ҮМЗ» АҚ ұсынған атом саласының мерч өнімдерін ұтып алу мүмкіндігін иеленді.



