Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері Erasmus+ CBHE «Орталық Азия университеттерінде дөңгелек экономика және орнықты даму бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу» (CirculEC) халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания) ұйымдастырған оқу аптасына қатысуда.

Іс-шара Сантьяго-де-Компостела университетінің Экономикалық және кәсіпкерлік ғылымдар факультетінің базасында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанның 11 жоғары оқу орнының өкілдерінің қатысуымен өтуде. Оқыту аптасының мақсаты - бакалавриат, магистратура және қосымша білім беру бағдарламаларын дөңгелек экономика мен орнықты даму қағидаттарына сәйкес жетілдіру.

Ашылу салтанаты 2025 жылдың 25 наурызында өтті. Қатысушыларға Сантьяго-де-Компостела университетінің цифрлық трансформация және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор Гумерсиндо Фейхоо және студенттермен жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Адриан Диос құттықтау сөз сөйледі.

Апта бойы қатысушылар тұрақты даму саласындағы кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған теориялық және практикалық семинарлардан өтеді. Оқыту бағдарламасы аясында Сантьяго-де-Компостела қаласындағы айналмалы экономика принциптері бойынша жұмыс істейтін жетекші кәсіпорындарға бару қарастырылған. Атап айтқанда, TEIMAS - қалдықтарды басқаруға арналған инновациялық цифрлық шешімдерге маманданған компания және ARROUPA - 2015 жылдан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдай отырып, тоқыма бұйымдарын жинау, сұрыптау және сату бойынша қызмет көрсететін әлеуметтік кәсіпорын.

ШҚТУ-дың CirculEC жобасына қатысуы білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға, студенттердің орнықты даму қағидаттарына негізделген кәсіби дағдыларын дамытуға және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.