2026 жылғы 9 қазанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде K’ADAM инженерлік кадрларды мақсатты даярлау бағдарламасы аясында «Қазмырыш» ЖШС өкілдерінің екінші курс студенттерімен бірқатар кездесуі өтті.
Кездесулерге Жер туралы ғылымдар мектебінің, Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің және Халықаралық инженерия мектебінің геологиялық барлау, тау-кен металлургиясы, энергетика және инженерлік-техникалық бағыттар бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты.
Компания өкілдері студенттерді «Қазмырыш» ЖШС қызметімен, кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтармен және кәсіби даму перспективаларымен таныстырды. Университеттегі білімді өндірістегі практикалық оқытумен ұштастыратын K’ADAM бағдарламасына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулер барысында студенттер бағдарламаның ерекшеліктері, қатысу шарттары, іріктеу кезеңдері және кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білді. Сондай-ақ қатысушылар жас мамандарды қолдау шаралары мен кәсіби өсу перспективалары жөнінде ақпарат алды.
K’ADAM бағдарламасы — өндірістің заманауи талаптарын ескере отырып, білікті инженерлік кадрларды даярлауға мүмкіндік беретін университет пен өнеркәсіптік кәсіпорын арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралы.
Мұндай кездесулер студенттерге екінші курстан бастап кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ жұмыс берушімен танысуға және мансап құру жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі.
K’ADAM бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша студенттер Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Мансап орталығына (Г-1-136 аудиториясы) жүгіне алады.