Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері «Таза ойындар» атты 10-жылдық мерейтойлық экологиялық акцияға қатысты.

«Таза ойындар» — бұл жай ғана сенбілік емес, қоқысты санаттарына қарай сұрыптап, кім тез әрі көп жинай алатынын анықтайтын шынайы жарыс. Жиналған әрбір қап қоқыс үшін қатысушылар ұпай жинап, бағалы сыйлықтарға таласа алады. Бұл ойындар Өскемен қаласынан экоактивист Людмила Евженкованың бастамасымен, «Таза ойындар» халықаралық ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жыл сайын осы маңызды экологиялық іс-шараға қатыса отырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі белсенді ұстанымын дәлелдеп келеді. «Таза ойындардың» көктемгі кезеңінде университет командасы тағы да жоғары нәтижелер көрсетті.

«Клевер» экоклубының төрайымы, 22-БЖ-1 тобының студенті Валерия Парубчишина бастамашыл команда құрып, оған белсенді студенттер — Григорий Ляпунов (22-МТ-1 тобы) және Данил Рыжков (22-ЭЛ-1 тобы) кірді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, команда ұйымшылдық, төзімділік пен жоғары нәтижелер көрсетті.

«Таза ойындарға» қатысу — ШҚТУ студенттерінің, мейлі олар болашақ металлург, машина жасау маманы немесе энергетик болсын, экологиялық жауапкершілікті терең түсінетінін және қоршаған ортаны қорғауға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ойын нәтижелері де көңіл қуантады: 57 қатысушы 16 командаға бірікті. Жалпы салмағы 900 кг-нан асатын 135,3 қап қоқыс жиналды. Сұрыпталған қалдықтар мыналар: 241 бөтелке қақпағы, 52,5 қап аралас қалдық, 28,95 қап пластик, 40,35 қап шыны, 13,5 қап алюминий банка, 84 кг ірі қалдық, 10 кг шина, 13,26 литр ұсақ қоқыс.