Биыл наурыз айында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерінің қатарын Африканың 5 азаматы толықтырды. Олардың төртеуі Нигерия елінен, біреуі Либериядан келіп отыр. Жаңа студенттері «асқанға бір тосқан» деп Наурыз мерекесін тойлауға дәл келді! Жастар VR киіз үйде болып, ұлттық асымыздан дәм татып, әлеуметтік бейімделулерін мерекемен бастап кетті.
Бұл жастардың барлығы оқуда да, кәсіби салаларда да тәжірибеге бай. Феликс есімді студент осыған дейін де шетелде оқып келген және Ректор Рахметуллина С.Ж. жетекшілігімен зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Жастар лекцияларға қатысып, қазақ, орыс тілдерін меңгеруде. Қосымша студенттік іс шараларға, көңілді тапқырлар ойынына, Студенттік көктемге және т.б. шараларға қатысады. Кейбірі біздің Ютуб канал мен Тиктокқа әзілкеш бейнероликтер түсіреді.
Айта кету керек, грантта оқиды. Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер және машина құрастыру мектептерінде білім алуда.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ үздік техникалық университеттердің бірі, материалдық техникалық базасы бай орда екенін алға тартып, оқуға түскендерін баяндайды. Тек бұл емес, Өскемен қаласын қоршап тұрған табиғаттың, индустриясының әлеуетін де ескерген.
Студенттерге сәттілік тілейміз!