Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Әйелдер қанаты ұйымдастырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және тәтті сыйлықтар табысталды.

«Мектепке жол»акциясы 2010 жылдан бастап «AMANAT» партиясының бастамасымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды және ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерді қолдау.

Университет үшін мұндай бастамаларға атсалысу – жас ұрпақты тәрбиелеу мен өңір отбасыларын қолдауға бағытталған әлеуметтік миссияның маңызды бөлігі.

Мұндай жобалар қоғамды ізгілік пен жанашырлық құндылықтары төңірегінде біріктіріп қана қоймай, университетке Қазақстанның әділетті, тұрақты және өркенді болашағын қалыптастыруға нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.