2026 жылғы 17 сәуір күні Д. Серікбаев атындағы жоғары IT колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараны «ШҚО Дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ дінтанушы-маманы Жомартқанов Жасұлан Мұратұлы өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің теріс салдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ жастардың қауіпсіз әрі саналы көзқарасын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында маман аталған тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға қауіп-қатердің алдын алу жолдары мен ақпараттық қауіпсіздік талаптары туралы жан-жақты мәлімет берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
