2025 жылғы 25 сәуірде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Халықаралық инженерия мектебінің Академиялық апталығы аясында мектеп оқушыларына арналған «ЖАС ХИМИК» аймақтық химия олимпиадасы өтті. Шара ұлы тұлға, техникалық ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының ғылым қайраткері, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, «Химия, түсті және ұнтақ металлургия» кафедрасының профессоры Октябрь Александрович Ханның туғанына 101 жыл толуына арналды.

«ЖАС ХИМИК» — бұл химиялық реакциялардың сырын ашуға және табиғат заңдарын тереңірек түсінуге ұмтылатын жас дарындар үшін ұйымдастырылған олимпиада.

Олимпиада 10–11 сынып оқушылары мен Foundation бағдарламасының тыңдаушылары үшін қалалық және облыстық деңгейде өткізіліп, олар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, оқытушылар мен ғалымдардан құнды сараптамалық кеңестер ала алды.

Олимпиаданың теориялық туры «Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі» тақырыбына арналды.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының 22 мектебінен 51 оқушы қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары:

I орын — Бекмұхан Ақнұр, 10-сынып оқушысы, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей-интернаты.

II орын:

  • Рыбникова Злата, 11-сынып оқушысы, №11 мектеп-лицейі.
  • Ремаренко Руслан, 11-сынып оқушысы, №37 көпсалалы орта мектеп.

III орын:

  • Кәдесова Алимa, 11-сынып оқушысы, №42 КММ.
  • Құсайынов Алдияр, 11-сынып оқушысы, №11 мектеп-лицейі.
  • Серғазы Карина, 10-сынып оқушысы, №11 мектеп-лицейі.
  • Синельникова Елизавета, 10-сынып оқушысы, №11 мектеп-лицейі.

Ұйымдастырушылар шараның демеушілері — Жеңісов Бейбіт Жеңісұлына (KazCERAMICS ЖШС) және профессор Наталья Анатольевна Куленоваға (VERITAS үздіксіз даму орталығы), сондай-ақ олимпиада әділқазылар алқасына — кәсіби шеберлігі мен әділ бағалауы үшін зор алғыс білдіреді.

«Бүгін сіздер үлкен ғылыми болашаққа тағы бір маңызды қадам жасадыңыздар. Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін, ал ізденімпаздық пен табандылық сіздерді жаңа жетістіктерге жетелесін. Алдарыңызда — мүмкіндіктерге, жаңалықтар мен өнертабыстарға толы әлем күтуде. Алға қадам басудан қорықпаңыздар, армандаңыздар, өздеріңізге сеніңіздер және идеяларыңызды әлеммен бөлісіңіздер. Біз сенеміз: дәл сіздер — Қазақстан ғылымының болашағысыздар!»

Келесі олимпиадаларда кездескенше!