2025 жылғы 25 ақпан мен 3 наурызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) Сәулет, құрылыс және энергетика, Жер туралы ғылымдар, Халықаралық инженерия мектептерінің 2-3 курс студенттері үшін ерекше маңызды кездесу өтті. Бұл кездесуде "Казцинк" ЖШС өкілдері кәсіпорынның қызмет саласы мен мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісті.
Кәсіпорын өкілдері студенттерге пайдалы қазбаларды өндіру, байыту өндірісі және металлургия өндірісі салаларындағы жұмыс барысы туралы айтып берді. Бұл салада жұмыс істеудің өз ерекшеліктері мен талаптары бар екені айтылып, студенттерге кәсіпорында тәжірибеден өту, филиалдарда оқу, стипендиялық бағдарламалар мен "Үздік практикант" конкурсы туралы толық мәлімет берілді.
"Үздік практикант" конкурсы Қазақстан Республикасында жұмысшы мамандығы жылы аясында ұйымдастырылып жатыр. Осы конкурста 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі аралықта еңбек шартын жасап, жұмыс орнында тәжірибеден өткен студенттер қатыса алады. Бұл конкурс жақсы үлгерімі, тәлімгер-практика жетекшісінің жақсы пікірі мен бөлімше басшысымен әңгімелесуі арқылы жеңімпаздарын анықтайды.
Тәжірибеден өтуге және "Казцинк" ЖШС-не жұмысқа орналасуға ниет білдіруші студенттер Г-1-140 аудиториясына өтінім қалдырып немесе жеке кабинет арқылы өз өтініштерін жібере алады. Бұл мүмкіндік студенттерге өз мамандығы бойынша кәсіби тәжірибе жинақтап, үлкен кәсіпорында жұмыс істеп, әрі қарайғы мансаптық жолдарын дамытуға жол ашады.
Бұл шара ШҚТУ мен "Казцинк" ЖШС арасындағы тығыз байланыс пен студенттердің кәсіби білім алу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.