Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері кураторы Ю.Н.Еремеевамен бірге әлемнің 150-ден астам елінде өтетін «World Cleanup day» атты ауқымды жаһандық экологиялық науқанынан ада қалмады.

«Жаһандық деңгейде ойла, жергілікті әрекет ет» - деп ұрандауда жаһандық экологиялықтар. Дүниежүзілік шара Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағалау аймағында өтті.

Жастар өздерінің науқанға қатысуы арқылы табиғи ресурстар мен аймағымыздағы су нысандарының ластану мәселесіне немқұрайлы қарамайтындықтарын көрсетті.
Экологиялық акциялардан бөлек, «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасының студенттері ғылыми-практикалық байқауларға, экологиялық жобалар мен конференцияларға қатыса отырып, «АКВА» студенттік ғылыми-техникалық үйірмесінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«АКВА» студенттік ғылыми-техникалық үйірмесі «Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологияларды трансферттеу орталығы» базасында, Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының докторы Колпакова В.П. басшылығымен жұмыс істейді.