Емтиханды ұйымдастыру секторы

  Мәтінді оқу  

«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Емтиханды ұйымдастыру секторы (ЕҰС) Академиялық қызмет департаменты жанындағы Оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторингтеу бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ЕҰС мамандары ұйымдастырады және бақылайды:

1. Емтихандарды өткізу тәртібін:

  • QR-кодты пайдалана отырып, жазбаша форматта;
  • ауызша форматта – комиссиялық түрде;
  • 1С бағдарламасын қолдана отырып, тест форматында;
  • "Сәулет", "Сәулет ортасының дизайны", "Дизайн" білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихандар;

 2. Жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары бойынша көрсетілген емтихандарды өткізу үшін емтихан материалдарының деректер базасын қалыптастыру үдерісін;

3. Прокторлардың жұмысын.

4. Оқытушылардың емтихан жұмыстарын тексеруін.

5. Емтихан кестесіне сәйкес, жазбаша форматта QR-кодты пайдалана отырып емтихандарды өткізу үшін билеттер пакеттерін қалыптастырады.

Емтихандарды жазбаша форматта QR-кодты пайдаланып өткізу алгоритмі:

  • дәрісханаға емтихан тапсыру үшін кірген кезде білім алушы рұқсатнаманы анықтауышқа жақындатады, сол кезде экранда оның жіберу картасы жасыл фонмен көрсетіледі;
  • оқушы емтихан тапсыру үшін дәрісханаға өтеді. Емтихан тапсыру уақытына 90 минут беріледі;
  • емтихан аяқталғаннан кейін білім алушылар рұқсатнаманы анықтауышқа жақындатады, сол кезде QR-код талоны басылып шығады, оны прокторға тапсырады, проктор емтихан материалдарына QR-код талонын тіркейді;  
  • емтихан жұмыстарын жинағаннан кейін проктор емтихан ұйымдастыру секторының қызметкеріне рұқсат тізімін, пайдаланылмаған билеттері бар конверттерді, жауаптың қалған таза парақтарын, емтихан рәсімінің бұзылғаны туралы актілерді және жұмыс жиынтығын (QR-код талоны, билет, білім алушылардың жауап парағы) тапсырады;
  • емтихан жұмыстарын тексеру емтихан тапсырған күні арнайы бөлінген дәрісханада жүзеге асырылады. Дәрісханада емтиханды ұйымдастыру секторының қызметкері оқытушыға жұмыс жиынтығын (QR-коды бар талон, билет, жауап парағы) береді. Емтихан нәтижелерін оқытушы өзінің логині мен паролімен білім беру порталындағы үлгерім тізіміне мобильді қосымша арқылы (смартфонынан немесе университет планшетінен) қояды. Білім алушы QR-код бойынша сәйкестендіріледі;
  • бағалар қорытынды тізімде көрсетіледі.