2018 жылдың 12, 13, сәуірінде Д.Серікбаева атындағы ШҚМТУ-де «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына»  атты студенттерің, магистранттардың және жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.  

Конференцияның 6 секциясының «Қоғамның инновациялық дамуындағы экономика және басқару мәселелері» шеңберінде, Алтай мемлекеттік университетінен шақырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының Кәсіпкерлік экономикасы және маркетинг кафедрасының доценті Добрыднева Тамара Сергеевнаның қатысуымен болды. Ол «Жарнаманы қалай бағаланады және оның тиімділігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Секция жұмысында Алтай мемлекеттік университетінің 11 студенті және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері қатысты. Конференцияның барлық қатысушылары әлеуметтік-экономикалық тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады, сондай-ақ маңыздылығы жоғары әрі өзекті инновациялық жобаларға қатысқан иновациялық жұмыстар да болды.

Г. Филиппова