2026 жылғы 16 ақпанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) базасында Erasmus+ бағдарламасының Edu-Fusion Network for Sustainable Growth (Edu-Fusion NSG) жобасы аясында Train-the-Trainer Capacity-Building Workshop сессиясы өз жұмысын бастады (ERASMUS-EDU-2024-CBHE-STRAND-3, Grant Agreement No. 101179805). Іс-шара оқытушылардың әлеуетін дамытуға және білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асырудағы заманауи тәсілдер бойынша университеттің институционалдық мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған.

Edu-Fusion NSG - Қазақстандағы жоғары білім беруді трансформациялауға арналған кешенді бастама. Жоба оқу нәтижелерін еңбек нарығының қажеттіліктерімен неғұрлым дәл сәйкестендіру, орнықты экономикалық өсуді қолдау және жұмыс орындарын құруға үлес қосу мақсаттарын көздейді. Сонымен қатар, жоба «университет - индустрия» байланыстарын нығайтуға, оқытушыларды халықаралық деңгейде даярлау мен сертификаттауға, сондай-ақ жұмыс берушілер сұранысына сай онлайн-курстарды әзірлеуге негізделген экожүйені қалыптастырады және ұлттық деңгейде кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.

Төрт күн бойы қатысушылар заманауи инженерлік педагогика мен білім беру инновацияларының негізгі компоненттерін қамтитын модульдер бойынша жұмыс жүргізеді: Engineering Pedagogy & Learner Engagement (Module 1), Digital, Practice-Based & Systems Learning (Module 2), Competence-Based Design, Assessment & Sustainability (Module 3), Leadership, Innovation & Professional Responsibility (Module 4). Бағдарлама мазмұны білім алушылардың оқу үдерісіне тартылуын арттыруға, практикалық бағыттағы және цифрлық оқыту форматтарын кеңейтуге, жүйелік ойлауды енгізуге, сондай-ақ орнықтылық қағидаттарын кіріктіре отырып, құзыретке негізделген оқу бағдарламаларын жобалау және бағалау құралдарын дамытуға бағытталған.

ШҚТУ-да Train-the-Trainer сессиясын іске асыру жаңа оқыту әдістемелері мен стандарттарын «каскадтық» қағида бойынша тарату, курстарды жаңарту және білім беру траекторияларын жобалау кезінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейту арқылы жобаның нәтижелерін кең ауқымда енгізуге негіз қалайды. Күтілетін нәтижелер қатарында түлектер даярлығының сапасын арттыру, оқытушылардың кәсіби жауапкершілігі мен көшбасшылық тәжірибелерін нығайту, сондай-ақ қазіргі әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерге сәйкес университеттің білім беру ортасын орнықты жаңғырту көзделеді.