Өзгерістер заңнан емес, идеядан басталады. Бүгінгі жастар - ертеңгі күннің келбетін қалыптастырады. Университеттердің 3.2.1.Start! жобасына қатысуы - бұл жай ғана «жасыл кампусқа» жасалған қадам емес, бұл - жауапкершілік пен көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) - университеттің тұрақты өзгерістерге қозғаушы күш бола алатынының жарқын үлгісі. Біздің университет студенттерді экологиялық бастамаларға белсенді тартып, тұрақты тәжірибелерді енгізіп, пластик жинау акцияларын өткізеді және болашақ инженерлерге, ғалымдарға, көшбасшыларға тек кәсіби емес, саналы азамат болуды үйретеді.

Біз пластик қалдықсыз әлем құруға ұмтыламыз. Пластикалық ыдыстарды сұрыптаймыз. Оларды экоқораптарға, фандоматтарға немесе экопункттерге тапсырамыз. Сенбіліктерге шығамыз.

Өткен оқу жылы ішінде біз серіктесіміз - «ЭкоВосток Лидер» компаниясына пластик ыдыстарды жинап тапсырдық. «Клевер» экоклубының белсенділері және ШҚТУ-дағы 3.2.1.Start! жобасының кураторы Екатерина Строкова соңғы жиналған көлемді компания қоймасына жеткізді. Студенттер пластиктің қалай жиналып, сығылып, қайта өңдеу зауыттарына жіберілетінін өз көздерімен көріп, көз жеткізді.

Қайта өңдеуге жіберілген әрбір пластик бөтелке - бұл таза қалаға, таза Қазақстанға және таза әлемге қосқан үлес.

Қарапайым әрекеттен бастаңыз:
3... 2... 1... Старт!