Ақпараттық технологиялар мектебі

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ақпараттық технологиялар мектебі бүгінгі күнге қажетті мамандықты іске асырды. Біз келесі негізгі бағыттар бойынша мамандарды әзірлеп жатырмыз :

  • ақпараттық технология
  • құрал жасау және автоматтандыру
  • математикалық және компъютер пішіндеу
  • радиотехника
  • электроника және телекоммуникации

Қазіргі  уақытта АТМ құрамда 3 кафедра бар.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ АТМ миссиясы: «Сапалы білім беретін және ғылыми - зерттеу қызметі үшін тиімді жоғарғы сапалы мамандар әзірлеу үшін ақпараттық технология және бизнес ғылыми және жоғарғы білім саласында жаңалықтардың іске асырылуы».

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА МЕКТЕБІНДЕ ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Ақпараттық технологиялар мектебі білім берудің барлық деңгейлерін ұсынады:  Бакалавриат - Магистратура – Докторантура. Оқу күндізгі және сырттай оқу (қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалануды қоса алғанда) түрлерінде жүргізіледі.
  • Жоғары сапалы білім беру кепілдігі. Дәстүрлі білім беруден басқа бакалавриаттың 5 мамандығы мен магистратураның 6 мамандығы бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын таңдауға болады:
  • Мамандығы Білім беру бағдарламасының атауы
    Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 6М070400 – Компьютерлік жүйелер мен адамның өзара әрекеттесуінің интерфейстары;
    5В070400 - Толықтырылған шындық.
    Автоматтандыру және басқару 6М070200 – Зияткерлік өмірді қолдау жүйесі (ақылды қала)
    Математикалық және компьютерлік модельдеу 6М070500 – Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері;
    5В070500 – Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері.
    Аспап жасау 6М071600 -  Медициналық инжиниринг (Медициналық техника);
    5В071600 - Медициналық инжиниринг (Медициналық техника).
    Аспап жасау 6М071600 - Робототехникалық пилотсыз жүйелер;
    5В071600 - Робототехникалық пилотсыз жүйелер/
  • Жаңа білім беру бағдарламаларында сабақтарды Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессорлары мен доценттері, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары, облыстың үздік өндіріс орындарынан келген оқытушылары, сондай-ақ шақырылған шетелдік мамандар жүргізеді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік бюджеттік зерттеулер жобаларын және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобаларын орындау бойынша үздік студенттерді оқу кезінде жұмысқа орналастыру.
  • «Автоматтандыру және басқару» мамандығы ASIIN халықаралық агенттігімен аккредиттеліп, «Еуропалық сапа белгісі» (EUR-ACE® Label) тағайындалған.
  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізген сараптама нәтижесі бойынша «Математикалық және компьютерлік модельдеу»,  «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары 1 орын, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы 3 орынды иеленеді.
  • «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) университетінің бағдарламаларын үйлестіру үшін негізгі университет болып тағайындалған.
  • Академиялық мобильділік. Ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінде оқығаныңызда сіз Қазақстанның басқа университеттерінде, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарында әртүрлі бағдарламаларды оқуға мүмкіндік аласыз.
  • Баклавриатта екі жақты дипломды білім беру бағдарламасы. «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша баклавриатта оқитын студенттер «Мехатроника» бағыты бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Люблин техникалық университетінің (Люблин қ, Польша) дипломына ие болады.
  • Магистратурада екі жақты диипломды білім беру бағдарламалары. «Аспап жасау» мамандығы бойынша магистратурада оқитын студенттер ШҚМТУ дипломын және ТУСУР (Томск) дипломын алуға мүмкіндігі бар. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратурада оқитын студенттерде ДСМУ (Новосибирск), ИТМО (Санкт-Петербург) екінші дипломын алу мүмкіндігі бар.
  • Әлеуметтік қамсыздандыру – басқа жақтан келген студенттерге компьютерлік сыныбы бар, барлық қабаттар мен бөлмелерде ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген, демалыс бөлмесі және тренажер залы, толығымен жабдықталған ас бөлмесі бар жатақхана беріледі. Студенттер қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығына ие. Осыған қосымша әскери істі оқыту кафедрасы және медициналық қызмет көрсету орталығы бар.
  • Студенттік өмір және оқу. Жыл сайын «Бірінші курс студенттерінің таланттары», «Студенттік көктем», «Жаңа жылдық шырша» және басқа да іс-шаралар өткізіліп тұрады, бұл студенттерге таланттарын көрсетуге және көптеген достар табуға мүмкіндік береді.

 

Біздің жүлделер мен марапаттар