Қабылдау комиссиясы

1. Талапкер күнтізбесі - 2022

2022 ж. БАКАЛАВРИАТ
01.06-25.08 Университетке қабылдау
20.06.-07.07. Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініш қабылдау
08.07.-13.07. Шығармашылық емтихандар өткізу күндері
13.07.-20.07. РБ есебінен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау
05.08.-10.08. ЖАО есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау
01.08.-25.08. Қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын өткізу мерзімі
2022 ж. МАГИСТРАТУРА
01.06.-15.07.
05.11.-18.11
ҚР БҒМ ҰТО арқылы КТ қатысу үшін онлайн тәртіпте өтініштерді қабылдау
20.07.-10.08.
18.11-11.12
КТ тапсыру күндері
28.08.дейін Магистратураға қабылдау
2022 ж. ДОКТОРАНТУРА
03.07. - 03.08
05.11-18.11
ҚР БҒМ ҰТО арқылы түсу емтихандарына қатысу үшін өтініш қабылдау
04.08. - 20.08.
19.11 - 11.12
Түсу емтихандарын тапсыру күндері
28.08.дейін Докторантураға қабылдау

  * барлық мерзімдер қолданыстағы НҚА бойынша көрсетілген.

2. Онлайн тіркелу (талапкердiң жеке картасы)

3. Байланысу ақпараты

Телефоныдар:

8-7232-510-885

+7-707-285-50-12

4. БҒМ Call орталығы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша кері байланыс орнату және өтініштерді қабылдау үшін келесі байланыс арналары жұмыс істейді:

  • Жұмыс нөмірі: 8 (7172) 74 23 52
  • WhatsApp – хабарлама: 8 708 664 10 40
  • Telegram – хабарлама: 8 708 664 10 40

5. Қажетті құжаттар

Бакалавриат

  1. ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
  2. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқа);
  3. жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқа);
  4. өлшемі 3 x 4 сантиметр сандық фото;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны медициналық анықтама;
  6. ҰБТ электрондық сертификаты;
  7. ведомостан үзінді көшірме (шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін);
  8. білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік;
  9. егу паспортының (063-нысандағы медициналық анықтаманың) көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы;
  10. тіркеу куәлігінің көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы (тек ұлдар үшін).

Магистратура

  1. ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа + көшірме);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) + көшірмесі;
  4. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
  6. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
    • ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл - кемінде 6,0; TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet - based test), шекті балл-кемінде 60;
    • TOEFL PBT (тест of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл - кемінде 498; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveauc1/С1 деңгейі); француз тілі: TFI (test de FRANZAIS InternationalTM) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес, DELF (Diplome d ' Etudes en langue franzaise) - B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de Langue franzaise) - C1 деңгейі, TCF (Test de connaissance du franzais) - кемінде 50 балл (болған жағдайда);
  7. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).

 


Докторантура

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. білімі туралы құжат (түпнұсқа+көшірме, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) + көшірмесі;
  4. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
    • ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл - кемінде 5,5; TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл - кемінде 46; TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл балл-кемінде 453; TOEFL ITP (test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm), шекті балл-кемінде 460; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveauв2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung( niveau В2 / В2 деңгейі); 
    • француз тілі: TFI (test de Franzais InternationalTM) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d ' Etudes en langue franzaise) - B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de langue franzaise) - В2 деңгейі, TCF (test de connaissance du franzais) - кемінде 50 балл;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
  6. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  7. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
  8. соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

6. ҰБТ профилді пәндердің комбинациялары

МАТЕМАТИКА + ФИЗИКА
Білім беру бағдарлама тобы Білім беру бағдарламасының атауы ҚР БҒМ гранттар саны 2022/2023 оқу ж. ШҚО ЖАО 2021/2022 жылдарға арналған гранттар саны Серпін бағдарламасы бойынша грант саны
1 В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру 1 6В07201 Металлургия  1650/50 20 10
2 6В07202 Пайдалы қазбаларды байыту
3 6В07203 Тау-кен ісі
4 6В07204 Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау
2 В082 Су ресурстары және суды пайдалану 5 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану 184 10 10
3 В094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 6 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 300 3 0
7 6В11202 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару
4 В057 Ақпараттық технологиялар 8 6В06101 Ақпаратық жүйелер 3948/150 16 20
9 6В06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
10 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
5 В059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар 11 6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 1000 2 10
6 В054 Физика 12 6В05301 Техникалық физика 1018 0 0
7 В063 Электр техникасы және автоматтандыру 13 6В07101 Автоматтандыру және басқару 893/20
3 0
8 В064 Механика және металл өңдеу 14 6В07112 Механика және металл өңдеу 1555 7 10
15 6B07109 Медициналық инжиниринг
9 В062 Электр техникасы және энергетика 16 6В07103 Жылу энергетикасы 1858/5ЭЛ
21 0
17 6В07104 Электр энергетикасы
10 В065 Автокөлік құралдары 18 6В07107 Көлік, көліктік техника және технологиялар 667/20
2 5
11 В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс 19 6В07302 Геодезия және картография 2650/50
9 20
20 6В07305 Құрылыс
12 B166 Көлік құрылыстары 21 6B07115 Автомобиль жолдарын жобалау және құрылысы 245 0 0
МАТЕМАТИКА + ГЕОГРАФИЯ
Білім беру бағдарлама тобы Білім беру бағдарламасының атауы ҚР БҒМ гранттар саны 2022/2023 оқу ж. ШҚО ЖАО 2021/2022 жылдарға арналған гранттар саны Серпін бағдарламасы бойынша грант саны
1 В095 Көлік қызметтері 1 6В11301 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану 298/50
1 0
2 В075 Кадастр және жерге орналастыру 2 6В07312 Жер кадастры және жерге орналастыру 270 1 10
3 В044 Менеджмент және басқару 3 6В04109 Мемлекеттік қаржылық менеджмент 325 10 0
4 6В04103 Өндірістік жүйелерді бизнес басқару 10 0
5 6В04108 Экономика және менеджмент 0 0
4 В045 Аудит және салық салу 6 6В04104 Есеп, талдау және кәсіпорындағы аудит 146 6 0
5 В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі 7 6В04106 Ғылымды қажетсінетін кәсіпорынның қаржыларын басқару 368 0 0
6 В047 Маркетинг және жарнама 8 6В04107 Social медиа маркетинг 95 0 0
 
БИОЛОГИЯ + ГЕОГРАФИЯ
Білім беру бағдарлама тобы Білім беру бағдарламасының атауы ҚР БҒМ гранттар саны 2022/2023 оқу ж. ШҚО ЖАО 2021/2022 жылдарға арналған гранттар саны Серпін бағдарламасы бойынша грант саны
1 В079   Орман шаруашылығы 1 6В08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы 160/50 1 3
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН + ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Білім беру бағдарлама тобы Білім беру бағдарламасының атауы ҚР БҒМ гранттар саны 2022/2023 оқу ж. ШҚО ЖАО 2021/2022 жылдарға арналған гранттар саны Серпін бағдарламасы бойынша грант саны
1 В073 Сәулет   1 6В07301 Сәулет 450 1 12
2 6В07313 Сәулет ортасының дизайны

7. Серпін - 2050

«Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін - 2050» жобасы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Өскемен қаласында орналасқан.

Жобаға Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

Толығырақ

8. 2022-2023 оқу жылына арналған оқыту құнының бағанамасы

9. Мемлекеттік білім гранты - 2022-2023

10. Инженерлік білім көшбасшысы

«ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ КӨШБАСШЫСЫ » ЖОБАСЫ

Бүгінде әлемде IT-технологиялар барлық индустриялық салаларға еніп, оларды толық қайта құруды талап етеді, әлемдік экономиканы алға жылжытады және технологиялық трендтерге сай келеді. Оларда жүйелі түрде ойлана алатын, бүкіл суретті аналитикалық түрде құра алатын және идеялар сатысынан өндіріс сатысына дейін өз өнімдерін әзірлейтін мамандар алға озады. Осы мақсатта Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инновациялық білім беру элементтерінің бірі ретінде «Инженерлік білім көшбасшысы» жобасы іске асырылуда.

 

Құрметті жас түлек!

Біз жақсы жаңалықпен бөлісетінімізге қуаныштымыз. ШҚТУ сізді "Инженерлік білім көшбасшысы" жобасына шақырады, мұнда келесілерді игере аласыз:

  • кәсіби білім,
  • IT компетенциялар,
  • көшбасшылық дағдылары,
  • ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру.

Жобаның арқасында сенің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сен өз жобаңды іске асыра және командада жұмыс істеуді үйрене аласың.

"Инженерлік білім көшбасшысын" даярлау бағдарламасы бойынша сабақтар тегін, бірақ ата-аналар, кәсіпорын бола алатын мүдделі тараптың есебінен ақылы нысан алынып тасталмайды.

 

ҚАЛАЙ И Б К ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ:

 

1-қадам: Болу керек

  • «Алтын белгі» белгісінің және ерекше аттестат иегері;
  • олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері;;
  • ШҚТУ «Инженерлік сыныптар» жобасына қатысушылар;
  • ҰБТ нәтижелері 100 балдан кем емес түлектер;
  • мақсатты даярлау бойынша өндірістен ұсынылған түлектер.

2-қадам: ШҚТУ студенті атану

3-қадам: Эссе жазу «Неліктен мен ИБК жобасына қатысуға лайықтымын»

 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

 

  • кәсіпорыннан қосымша стипендия;
  • халықаралық конкурстар мен іс-тәжірибелерге қатысу;
  • ірі кәсіпорындар базасында өндірістік практикадан өту;
  • инновациялық жобаларды қаржылық және консультациялық қолдау;
  • кепілдендірілген жұмысқа орналастыру.

 

СЕРІКТЕС-КӘСІПОРЫНДАР

  • «Казцинк» ЖШС;
  • «Kazminerals» ЖШС;
  • «УМЗ» АҚ.

 

ЛИО БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

  • Физика-математикалық дайындықты күшейту;
  • Цифрлық дағдылар мен зияткерлік қабілеттерді дамыту;
  • Тілдік компетенцияларды дамыту;
  • Көшбасшылық теориясы және инженерлік іс;
  • Кәсіпкерлік және іскерлік аспект;
  • Кәсіпорындардан minor.

 

«Казцинк» компаниясының стипендиялық бағдарламасына іріктеуден өткен ИБК бағдарламасы бойынша оқитындардың тізімі

 

Аты-жөні Бағыты
Асқарова Шынар Асқарқызы Ақпараттық жүйелер
Ерсаинова Алида Бауржановна Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Нагибаев Диас Ермекович Логистика (Көлік)
Төлегенова Аружан Сабитқызы Логистика (Көлік)
Мырзағалиева Қымбат Дидарқызы Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

11. Шығармашылық емтихандар

Абитуриент назарына!

Сәулет өнері мамандығына оқуға түсу үшін тапсырылатын шығармашылық емтихандарға өтініш беру
20 маусым 7 шілдеден аралығында жүргізіледі.

Емтихандар 8 шілдеден 13 шілдеге дейін өтеді.

Білім беру бағдарламалары:

  • 6B07301 - Сәулет
  • 6B07313 - Сәулет ортасының дизайны
  • 1-шығармашылық емтихан- сурет
  • 2-шығармашылық емтихан- сызу

Шығармашылық емтихандарды тапсыру кезінде талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
  3. ҰБТ сертификаты (бар болса).

Толығырақ

Сұрақ қою x